14
сәуір
2024
"Білім.Бәсеке.Сапа"
2024 жылдың 12 сәуір күні "Білім.Бәсеке.Сапа" аудандық жобасының жоспарына сәйкес "Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (ББЖМ) дайындаудың тиімді жолдары" тақыбында Кошевой АНОМ семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, физика және математика пәндерінен оқушыларды дайындаудың түрлі әдістері қаралды. Сонымен қатар функционалдық сауаттылық тапсырмалаларды қарастырып өтті. Семинарға Шестаков АОМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Б.Тусупова, Мичурин АНОМ физика мұғалімі Е.Муса, Рүстембеков АОМ математика мұғалімі Г.Мешитхан және Кошевой АНОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ш.Омарбеова таныстырылым жасады. Семнар соңында сапалы кері байланыс жасалып, сұрақтарға жауап алынды.